Елорда ержүректері

Талдыкөл қоқыстан тазартылады

Бұл бастама «Талдыкөлді сақтау жөніндегі жастар бастамасы» жобасы аясында жүзеге асады. Ұйымдастырушылар жобаны іске асыру үшін бұған дейін пандемия жағдайында сенбілік ұйымдастыру және үйде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптып жинау жүйесін енгізу бойынша онлайн тренингтер өткізді. Эко-акция БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған экожүйені қалпына келтіру онжылдығын қолдау мақсатында өтеді. Қатысушылар Шыңғыс Айтматов-Сығанақ көшелерінің қиылысында сағат 09:30-дан бастап жиналады. Олар сенбілікке қажет барлық затпен, атап айтсақ қоқыс сөмкелері, күректер әрі қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Қалдықтарды бөлек жинау жоспарланып отыр. Шараға Нұр-Сұлтан қаласының барлық белсенді тұрғындары шақырылады. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан әкімдігі, Еуразия қоры өкілінің қолдауымен «Салтанат Рақымбекова атындағы қоры» қоғамдық ұйымы. Серіктестер: «Clean city NC» ЖШС, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

-->