Елорда ержүректері

Талапкерлерге арналған жаңа платформа әзірленді

Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинованың айтуынша, қазір болашақ студенттердің мамандық таңдау мүмкіндігі көп. «Егер бұрын колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген орындарға қабылдау жүргізілсе, қазір жаңа тетік бойынша – талапкерлердің өздері колледж бен мамандық таңдайды. Яғни, мемлекеттік тапсырыс талапкердің таңдау қорытындысы бойынша орналасады. Бұл мемлекеттік тапсырысты бөлудің ашықтығын әрі талапкерлерді колледждерге қабылдауды қамтамасыз етеді», - деді Иманғазинова «Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) колледждеріне түсу туралы» брифингте. Әкімдік мәліметінше, тағы бір жаңалық – үміткерлерге ойлануға әрі мамандығын жақсылап таңдауға септігін тигізетін платформа пайда болады. «Биыл алғаш рет мектеп түлегінің бәріне ақпараттық жүйе арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Нәтижесінде талапкерге белгілі бір мамандықты таңдау ұсынылады. Олар ұсынылған мамандықтар картасымен танысады. Кәсіби диагностика қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және мамандық таңдау кезінде септігін тигізеді», - деді ол. Еске салсақ, ТжКБ ұйымдарына қабылдау 25 маусымда басталады. Құжаттар екі жолмен, яғни «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тікелей колледжге жүгінген кезде, кәмелетке толмаған жеке тұлғалар кәмелетке толған заңды өкілінің қатысуымен қабылданады. ТжКБ ұйымдарына оқуға түсу кезінде 9 санат бойынша квоталар көзделген (бірінші, екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған әрі толық емес отбасылардан шыққан балалар, «қандас» санатындағы балалар). Барлық квота талапкердің мәртебесін растайтын құжатпен расталуы тиіс.

-->