Елорда ержүректері

Он бір жыл күткен сәт

Есіл бойындағы ашық аспан астындағы ақ күмбезді театр алаңына жиналған ата-ананың қуанышында шек жоқ. Қуанбай қайтсін... Дәл осы күні біреуінің тұңғышы, ал біреуінің сүт кенжесі он бір жыл артқан үмітін ақтап, қала әкімінің қолынан «Алтын белгі» алмақ. Бірыңғай мектеп формасын киген ұлдар мен ақ бантикті қыздардың көздерінде болашаққа артқан үлкен сенімдері мен армандары лаулап тұр. Дәстүрлі «Алтын белгі» төсбелгісін табыстау рәсіміне сенат, мәжіліс, қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты. Іс-шара толығымен санитарлық норма талаптарын сақтай отырып өткізілді. «Бұл күн баршамыз үшін ерекше сәт. Биыл пандемиялық шектеулерге қарамастан оқушылар абыроймен оқып, ең маңызды емтихандарды тапсырып, үлкен марапатқа ие болып жатыр. Мектеп бітірген 7000-нан астам түлектің ішінен 403-і алға суырылып шығып, Алтын белгі иеленді. Бұл ең бірінші оқушылардың еңбегі мен білімге деген құштарлығының арқасы. Екінші, мұғалімдердің аянбай берген еңбегі мен кәсібилігінің арқасы. Түлектердің алдында әлі талай емтихан мен сынақтар кездеседі. Жастар осы талабынан қайтпай, ары қарай білімдерін шыңдап, еңбек етсе бәріне қол жеткізеді. Оңай ештеңе болмайды. Елбасымыз да, Президентіміз де білім саласына баса назар аударып келеді. Қазір шекаралар ашық, түлектер әлемдік жоғары оқу орындарына түсе алады. Қазір цифрлы технология мен заман талабына сай, жаңа мамандықтарға сұраныс артып жатыр. Сондықтан түлектерді мамандық таңдағанда қателеспеуге шақырамын», - деді Көлгінов. Орталық саябақтың амфитеатры алаңында 403 үздік түлектің таныстырылымынан кейін, олар қонақтар алдында мектеп өмірімен қоштасып өнер көрсетті. Сондай-ақ түлектер мен ата-аналарды қазақ эстрадасының жұлдыздары құттықтап, музыкалық сәлем жолдады. «Мен елордадағы ең жанашыр, ең білікті ұстаздардан тәлім алғанымды мақтан тұтамын. Елбасы өз жолдауында Қазақстанның болашағы жастардың қолында деп бізге үлкен сенім артты. Осы сенім үлкен күш берді. Алтын белгі алу - мен үшін ғана емес, біздің отбасымыз үшін көптен күткен айтулы сәт. Болашақта аудармашы болуды армандаймын. Адал еңбек етіп, әлі де ізденіп білім алудан шаршамаймын», - деді мектеп бітіруші Баян Жақсыбекова. Марапаттау рәсімінің соңы ақын Зәуре Оспанованың сөзі мен музыкасына жазылған «Виват, Алтын белгі» әнімен аяқталды. Мерекелік нөмір Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үлгілі оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.

Көктем ҚАРҚЫН

-->