Елорда ержүректері

Қазақстандағы депутаттыққа ең жас үміткер кім (видео)

– Жандос, сізді Қазақстан бойынша депутаттыққа ең жас үміткер дейді...

– Иә, ресми деректерге сүйенсек, мен Қазақстан тарихында депутаттыққа ең жас үміткер екенмін. – Егер бәрі сәтімен өтіп, депутат болсаңыз, қандай мәселелерді көтерер едіңіз? – Мәслихат депутаты болсам, жастар мәселесіне көбірек көңіл бөлер едім. Қазіргі уақытта елордадағы жастар саны 200 мыңнан асады. Бұл – қала тұрғындарының бестен бір бөлігі. Жалпы, жастар – тек оқушылар мен студенттер ғана емес, 14 пен 29 жастағы адамдар. Олардың көбісінің отбасы бар. Сондықтан оларға білім алуға, одан кейін сол білімді тиімді қолдану үшін жұмыспен қамтуға және баспанамен қамту жағына ерекше көңіл бөлу керек. Әрине, бұл жөнінде қазіргі уақытта көптеген жоба бар. Егер депутат болсам, мәслихат мінберінде сол жобалардың дұрыс іске асырылуын қадағалаймын. – Қазіргі уақытта қандай мәселеге көңіліңіз толмайды? Сіздің замандастарыңызды не толғандырады? – Қазіргі жастар тез арада табысқа кенелгісі келеді. Бірақ шынайы өмірде олай емес қой. Сондықтан оны жастарға дұрыстап түсіндіріп жеткізу керек. Мысалы, жастар кейбір жетістікке жеткен адамдарға қарап бой түзеп, өздері де солай болғысы келеді. Алайда олардың еңбегін көрмейді. Оларға нағыз еңбекті көрсету керек. Әйтпесе көп жағдайда жастар тез арада нәтижеге қол жеткізбесе, жұмысын тастап, басқа салаға ауысып кетеді. Ал жұмыс, нәтиже дегеніміз ол – қан мен тер. Сол себепті жастарды бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеуге, нәтижеге қол жеткізуге, тұрақтылыққа үндегім келеді. Әйтпесе көпшілігі ондайға көңіл бөлмейді десем, өтірік айтқандық болмас. – Өзіңіздің арман-мақсат, ұлы мұратыңыз қандай? – Басты мақсатым – өз еліме тер төгіп, еңбек ету. Атым да Жандос болғандықтан, өз елімнің жан досы болу парызым деп ойлаймын. – Тарихи немесе саяси тұлғалардан кімді пір тұтасыз? – Жалпы, ешкімді пір тұтпаймын. Бірақ тарихи ұстаз ретінде көп тұлғалардан үлгі аламын. Оның ішінде саясаткерлер де, философтар да бар. Бірінші кезекте – Абай. Өйткені ол өте жан-жақты тұлға. Ол – философ. Онымен қоса ол – ел билеген болыс. Шығармашылығымен де дараланған біртуар тұлға. – Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік серік болсын!  https://www.youtube.com/watch?v=V3-vP7WQwfo

--> – Жандос, сізді Қазақстан бойынша депутаттыққа ең жас үміткер дейді...