Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы норманы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп ЖТСМ-ді есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеуде. Ол нарықтық жағдайларды және тәуекелге бағдарланған тәсілді ескеретін болады. ЖТСМ-нің дифференциалды мөлшерлемелерін енгізу кепілмен қамтамасыз ету деңгейіне қарай қарыз жүктемесін төмендетуге және қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.