Жыл басынан бері теміржол арқылы көмір экспорты 14 пайызға өсті
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша экспортқа 16 млн тоннадан астам тас көмір жөнелтілді, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға немесе 2 млн тоннаға артық.
«Үндістан мен Түркияға жеткізілімдер айтарлықтай өсім көрсетті - бұл елдерге экспорт көлемі екі есеге артып, тиісінше 1,4 млн және 1,6 млн тоннаны құрады»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қырғызстанға жеткізілім 24 пайызға, яғни 280 мың тоннаға дейін, ал Ресейге жеткізілім 8 пайызға, яғни 11,8 млн тоннаға дейін өсті.