Экономика

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,2%-ды құрады

Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2% деңгейінде өсім көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады. 

«Ең жоғары өсім машина жасау – 111,2%, химия өнеркәсібі – 111,2%, құрылыс индустриясы – 112,9% және жиһаз өндірісі – 114,8% салаларында байқалады», - делінген хабарламада.