Экономика

Жеңілдетілген шағын несие алуға төрт мыңнан астам өтінім түсті

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие алуға 4,2 мыңнан астам өтінім түсті, деп хабарлады elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, биыл барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.Несиенің  мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

 Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

 Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. 

 Қазіргі уақытта өтінімдер барлық облыстармен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қабылдануда. Аталған несиені алуға қатысты барлық ды «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның сайтынан көруге болады.   

-->

Шағын несие алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (595), Жамбыл (512), Қызылорда (313), Жетісу (311), Батыс Қазақстан (278) және Алматы (253) облыстарынан түсті. ,-делінген ведомство берген мәліметте.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 2189 жоба мақұлданды, оның ішінде 1228 жобаны іске асыруға кредит берілді. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Сондай-ақ, шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі, -делінген ведомство берген мәліметте..