Жарты жылда 16 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді
Биылғы алты айда Қазақстанда алаңы 7,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен алты ай мен биылғы жарты жылды салыстыратын болсақ, өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай облысы көш бастап тұр – өсім 56,3%. Одан кейінгі орындарда 43,4% өсіммен Шымкент қаласы, 39% өсіммен Жетісу облысы.
2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ҚР бойынша 16 677 тұрғын үй нысаны іске қосылды. Оның ішінде 16 083 – жеке үйлер, 574 – көппәтерлі үйлер, қалған 20 –сы жатақхана.
Көпқабатты үйлерде 63,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Көпқабатты үйлердің 7,6%-ын мемлекеттік құрылыс компаниялары, 91,2%-ын жеке компаниялар, 1,2%-ын шетелдік компаниялар салған.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде де тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша өсім байқалды. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан ауылдарында 1,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынған, Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға артық.
-->Өткен алты ай мен биылғы жарты жылды салыстыратын болсақ, өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай облысы көш бастап тұр – өсім 56,3%. Одан кейінгі орындарда 43,4% өсіммен Шымкент қаласы, 39% өсіммен Жетісу облысы.