Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш шығаратын кешен салынады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс жобасымен танысты, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде өңірдің өнеркәсіп саласында 838 кәсіпорын жұмыс істейді, ал жұмыспен қамтылғандар саны 43 мың адамды құрайды. Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес облыста өндірілген өнім көлемі 510 млрд теңгеге (+7,8%) жетті. Бұл ретте облыста өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған, оның жалпы көлеміндегі үлесі 72%-ға дейін жетеді. Атап айтқанда, минералды тыңайтқыштар өндірісінде 3,2 есе, қант өндіруде – 8,9%, ірімшік пен сүзбеде – 5,9%, аяқ киім өндірісінде – 20,2% өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібіндегі химия өнеркәсібінің үлесі бүгінде 49%-дан асады.
Осылайша, «ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырды: тау-кен кешенінің базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфориттер өндіру жолға қойылды, қуаттылығы жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау қондырғысы салынды. Инвестиция көлемі $126 млн-ды құрады.
Екінші кезең шеңберінде минералды тыңайтқыштар шығаратын химия кешенінің құрылысы басталды. Өндірістік қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тоннаны құрайды. Екінші кезеңді жүзеге асыру $1 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға және 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Премьер-Министр Үкіметтің химия өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондықтан жаңа ірі зауыттың өңірдің ғана емес, жалпы республиканың дамуы үшін де маңызы зор екенін баса айтты.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда мемлекет тыңайтқыштарды қолдану аясын кеңейту бойынша шаруаларға берілетін субсидия көлемін арттырып жатқанын жеткізді. Нәтижесінде бұл ауыл шаруашылығындағы өнімділікті айтарлықтай арттырады.
Мұнда Үкімет басшысына "ЕвроХим" және "Шу" автоматтандырылған газ тарату стансалары құрылысының барысы жайлы ақпарат берілді. Бұл Сарысу және Шу аудандарының 32 елді мекенін (61,7 мың адам), «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның жаңа химиялық кешенін және Мойынқұм ауданының 24 елді мекенін (28,7 мың адам) газбен қамтуға мүмкіндік береді.
-->Бүгінде өңірдің өнеркәсіп саласында 838 кәсіпорын жұмыс істейді, ал жұмыспен қамтылғандар саны 43 мың адамды құрайды. Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес облыста өндірілген өнім көлемі 510 млрд теңгеге (+7,8%) жетті. Бұл ретте облыста өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған, оның жалпы көлеміндегі үлесі 72%-ға дейін жетеді. Атап айтқанда, минералды тыңайтқыштар өндірісінде 3,2 есе, қант өндіруде – 8,9%, ірімшік пен сүзбеде – 5,9%, аяқ киім өндірісінде – 20,2% өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібіндегі химия өнеркәсібінің үлесі бүгінде 49%-дан асады.
Осылайша, «ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырды: тау-кен кешенінің базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфориттер өндіру жолға қойылды, қуаттылығы жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау қондырғысы салынды. Инвестиция көлемі $126 млн-ды құрады.
Екінші кезең шеңберінде минералды тыңайтқыштар шығаратын химия кешенінің құрылысы басталды. Өндірістік қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тоннаны құрайды. Екінші кезеңді жүзеге асыру $1 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға және 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Премьер-Министр Үкіметтің химия өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондықтан жаңа ірі зауыттың өңірдің ғана емес, жалпы республиканың дамуы үшін де маңызы зор екенін баса айтты.
Бұл жобаны іске қосу ауыл шаруашылығы саласының қажетті минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын тиісті деңгейде қамтамасыз етеді және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімді тезірек шығару үшін зауытты уақтылы іске қосудың маңызы зор», — деді Премьер.