Ұзақ мерзімде ақшаны сақтап, көбейтудің тиімді жолы қандай?
Кез келген қаржы нарығында оның тиімділігі мен кемшілгі болары анық. Бүгінде біздегі қаржылық сауаттылықтың төмендігі ме, әлде ақпараттың бұрыс жеткізілуі ме халық қаржы тақырыбына келгенде ақсап жатады. Ақшаны ұзақ мерзімде сақтаймын деп депозит ашары мәлім. Әрине, бір қарасаң құлаққа үйреншікті, бәрі түсінікті сияқты. Алайда қарапайым келісімшартқа қол қойғанның өзінде қателікке бой алдыратындар қанша. Сол себепті Elorda.info депозит деген не, оның тиімді және тиімсіз жағы мен ұзақ мерзімді ақшаны сақтап, оны көбейтудің жолдары жайында айтады.
Депозит – инвестицияның бір түрі. Оның негізгі мақсаты – ақшаны көбейту. Бүгінде бала дүниеге келген сәттен бастап оның атынан депозит ашуға болады. Әрине, 14 жасқа толғанға дейін баланың атынан ересек адам аша алады. Бірақ ол ата-анасы немесе заңды өкілі болу қажет. 14 жастан кейін ата-анасының рұқсатымен бала өз бетінше депозит ашуға түрлі жағдай жасалған. Ашпас бұрын әуелі заңды өкілдің жазбаша рұқсатнамасы қажет болады.
Депозиттің үш түрі бар: мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиті. Мерзімді депозитке ақшаңызды салған уақытта ешқандай лимит болмайды. Сізге салымды жартылай шығарып алуға мүмкіндік бар, дегенмен пайыздық мөлшерлемеден айырылып қаласыз. Мерзімсіз депозитте қатып қалған талаптар жоқ. Өз ақшаңызды ешқандай шектеусіз алуға және салуға болады. Ең көп пайыздық мөлшерлеме жинақ депозитінде. Ақшаны шығаруға максималды лимит қойылған.
Басқа инвестициялар түрімен салыстырғанда депозит әлдеқайда жеңіл. Оны ашқан соң алғашында көрсетілген пайыздық мөлшерлеме соңына дейін сақталады. Мысалы, сіз 12%-дық мөлшерлемемен депозит ашсаңыз, нарықтағы депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 9%-ға түскен күннің өзінде сізде сол қалпында қала береді.Сондай-ақ мемлекет тарапынан кепілдендірілген. Егер сіз депозит алған банк банкрот болған жағдайда 15 млн теңгеге дейінгі негізгі салымды мемлекет өтейді. Көпшіліктің жиі қоятын келесі сауалы: «Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?». Оның дұрыс-бұрыстығын сіздің болашақта ақшаны қандай валютада жұмсайтындығыңызға байланысты. Сондықтан қазақтар көбіне теңгемен сақтағанды жөн көреді.
Депозиттің кемшін жағы қандай білесіз бе? Ол жоғарыда айтып өткен тұрақты пайыздық мөлшерлеме. Жоғарыда оң әсері ретінде айтсақ, енді теріс жағында байқаймыз. Себебі сіз 9%-дық мөлшерде депозит ашсаңыз, нарықтағы бағасы 12% өсуі мүмкін.
Депозит ашпас бұрын банк жайында, ондағы ұсынылатын депозиттер жайында толығырақ біліп алғаныңыз дұрыс. Ол ақпаратты қайдан аласыз? Көбіне қарапайым халық көршісінің сөзіне я болмаса жарнамаларға қарап банк таңдап жатады. Алайда бұл немқұрайлы қарай салатын дүние емес, кей жағдайда банк талаптары мен шарттары жарнамадағыдан өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті келісімшартқа қол қоймас бұрын құжатты міндетті түрде мұқият оқып шығыңыз немесе Қазақстан қор биржасының сайтындағы ақпараттарға сүйене отырып таңдау жасаған дұрыс. Онда әр банктің статистикасын көруге болады. Егер ұзақ мерзімді депозит ашқыңыз келсе банк рейтингі мен қаржылық тұрақтылығына мән берген абзал.
Депозит қысқа мерзімде ақша сақтап, оны көбейтудің тиімсіз жолы десем сенесіз бе? Бұл сұраққа «Қаржы қағидалары», «Лайфхактар» кітабының авторы Данияр Жігітбек мынадай мысал келтіреді: Қысқасын айтқанда депозит ашып, оған 100 000 тг саласыз. 9% өсім арқылы келесі жылы 109 000 тг болды. Бірақ ақша құнсыздануы мүмкін. Оны бізде инфляция деп атайды. Енді инфляцияны 9%-ға тең десек, сізде бар 100 000 теңге бір жылдан кейін 91 000 теңгенің құнымен тең болады. Сол уақытта сәйкесінше 91 000 теңгенің заты 100 000 теңгеге өседі. Сонда біз ақшамызды депозитке салып өсуін қалаймыз ба? Әлде инфляциядан қорғаудың жолын іздейміз бе?
Сіз депозитке ақша салсаңыз ол пайыздық өлшеммен қалай көбейіп жатыр? Енді қараңыз, белгілі бір азамат ақшадан қатты қиналғаны сонша кредит алуына тура келеді. Дәл қазіргі сәтте оған 100 000 теңге керек. Бірақ банк оған кейін 15%-дық өсіммен 115 000 теңге етіп қайтарасыз дейді. Ақша керек болғасын ол азамат бәріне келіседі. Сонда банк 15% дегенді қайдан шығарады? Бұл банктің сізге беретін 9% бен өзі көретін 6%-дың қосындысы.
Сонда ұзақ мерзімді ақшаны сақтап, оны көбейтудің тиімді жолы қандай? Біз көп жағдайда осы сұрақтың шешімін әдеттегідей депозит ашу немесе үй алып, оны жалға беру ғана деп ойлаймыз. Біздегі қаржылық сауаттылық әзірге осы деңгейде ғана. Егер ұзақ мерзімді ақшаны көбейтудің жолын іздесеңіз, компания үлесін сатып алғаныңыз жөн. Яғни сіз сол акцияны сатып алу арқылы компания жұмысын одан сайын жақсартасыз. Мысалы, біз қарастырып отырған компания 1000 акция шығарды дейік. Ал әр акция бағасы шамамен 5000 тг деп есептейміз. Мен студент болғандықтан әзірге бір ғана акция сатып алып, инвестиция жасадым. Ал оны менен басқа кәсіпкерлер бірден 100 үлесін сатып алу ықтималдылығы жоғары. Дәл осылай компания өзіне инвестиция тартады. Инвестиция көп болған сайын оның тұтынушылары да, жағдайы да жақсара бермек. Осы кезде 5000 теңгені құраған акция 7000 теңгеге өсуі мүмкін. Мен өзім сатып алған үлесті сатып 2000 теңге пайда көре аламын. Инвестицияның ережесі осы. Арзанға алып, қымбатқа сату. Бірақ оны сату немесе сатпау өз еркімізде. Әрине, бәрі мінсіз бола бермейді. Ол компанияда проблемалар туындап үлес мөлшері 3000 теңгеге төмендеп кетуі мүмкін. Осы сәтте компанияның әлі де өсетініне сенімді болсам тағы 5 үлесін сатып аламын. 5 жылдан кейін компания үлесі қайта өсіп 10 000 теңгеге жетуі мүмкін. Осы кезде мен өзімдегі 6 үлесті сата аламын. Нәтижесінде мен 20 000 теңгеге алған акцияны 60 000 теңге етіп қайтарып аламын. Бұл жағдайда экономика да, қарапайым халық та ұтады.
Қорытындылай келе, расымен де ұзақ мерзімде ақша жинағыңыз келсе немесе қаражатыңызды көбейткіңіз келсе, қаржылық сауаттылығыңызды арттырғаныңыз дұрыс. Мәселенің шешімін бірнеше жағынан қарауға тырысыңыз. Жолын іздесеңіз тиімді жағын табарыңыз анық.
Ұлданай БАЙҰЗАҚ
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
-->Депозит – инвестицияның бір түрі. Оның негізгі мақсаты – ақшаны көбейту. Бүгінде бала дүниеге келген сәттен бастап оның атынан депозит ашуға болады. Әрине, 14 жасқа толғанға дейін баланың атынан ересек адам аша алады. Бірақ ол ата-анасы немесе заңды өкілі болу қажет. 14 жастан кейін ата-анасының рұқсатымен бала өз бетінше депозит ашуға түрлі жағдай жасалған. Ашпас бұрын әуелі заңды өкілдің жазбаша рұқсатнамасы қажет болады.