Экономика

Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңір

Биылғы алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салған инвестиция көлемі айтарлықтай өскені байқалады. 7 айдың ішінде инвестиция көлемі 467,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен (238,9 млрд теңге), деп хабарлады Elordainfo.kz.

14 облыста инвестиция көлемінің артқаны байқалады.

Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңір төмендегідей:

1. Астана – 163,8 млрд теңге;

2. Алматы – 54,6 млрд теңге; 

3. Түркістан облысы – 43,6 млрд теңге;

4. Солтүстік Қазақстан облысы – 38,4 млрд теңге;

5. Шымкент – 25,8 млрд теңге.

Бұл өсім туристік саланың тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Инвесторлардың осы секторға деген қызығушылығының артқаны жаңа туристік нысандар салуға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Аталған шаралар, өз кезегінде, Қазақстанның туристік бағыт ретінде тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.