Экономика

Туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция тартылды

2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды.

-->

Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды.

Мемлекет отандық туризмді дамыту үшін жеке капиталды белсенді түрде тартуда. Өткен жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі. Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференциялар беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.