Экономика

Тұрғын үй нарығында сату-сатып алу мәмілелері көбейген – Ұлттық банк

Ұлттық банктің 2024 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы есебінде 2024 жылдың екінші жартысынан бастап тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері санының өсуі байқалытыны, бұл мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың қолданысқа енгізілуіне, сондай-ақ зейнетақы активтерін алып қоюдың ілеспе өсуіне байланысты екені айтылған.

Ұлттық банк есебіне сәйкес, 2024 жылы тұрғын үй жылжымайтын мүлік бағасының өсу қарқынының орнықты динамикасы, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігі 2019 – 2020 жылдардағы деңгейге қалпына келгені байқалды.

2024 жылдың екінші жартысынан бастап сатып алу-сату мәмілелері санының өсуі байқалды, ол мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың қолданысқа енгізілуіне, сондай-ақ зейнетақы активтерін алып қоюдың ілеспе өсуіне негізделді. 2024 жылы пайдалануға берілген көп пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің жалпы алаңы 2023 жылғымен салыстырғанда 11%-ға өсіп, 8,9 млн шаршы метрге жетті. Құрылыс белсенділігінің артуы да халықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жақсаруына ықпал етті – 2024 жылы жан басына шаққандағы тұрғын үй қоры 21,4 шаршы метрге жетті. Құрылыс белсенділігі артуымен қатар, тұрғын үй-құрылыс секторының компаниялары артқан табыстылықты көрсетті. Нарықтық ипотекалық қарыздардың көлемi мен үлесi едәуiр өсуiне қарамастан, ипотекалық портфельдегi жеңiлдiгі бар қарыздардың негiзгi үлесi 76%-ды құрады, ал Қазақстанның қаржылық тұрақтылық туралы есебі 2024 6 тұрғын үй жылжымайтын мүлiк нарығы мемлекеттiк қолдау шараларына әлі де тәуелдi.