Республика күніне орай Қазақстанда 200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылады
Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.








