Экономика

Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандардың шығындары жабылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына дайындық және жемшөппен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Премьер министрдің ресми сайты жазды.

Үкімет отырсында баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы қолайлы жағдай егін орағын уақтылы бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті. 

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналатын алқабы 24 млн гектарды құрайды. Егер дақылдар бөлінісіне қарайтын болсақ, 13,7 млн га бидай, 2,8 млн га майлы дақылдар, 188 мың га картоп, 165 мың га көкөніс жинауға дайын. Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді. Диқандар тыңайтқыштарды дер кезінде беріп, егінді арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы жүргізді.

-->

Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа түсім гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды,- деді министр. 

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналатын алқабы 24 млн гектарды құрайды. Егер дақылдар бөлінісіне қарайтын болсақ, 13,7 млн га бидай, 2,8 млн га майлы дақылдар, 188 мың га картоп, 165 мың га көкөніс жинауға дайын. Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді. Диқандар тыңайтқыштарды дер кезінде беріп, егінді арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы жүргізді.

Сонымен қатар вегетациялық кезеңде диқандар құрғақшылық пен егістік суының жетіспеушілігіне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды, бұл егістіктің жағдайына әсер етті. Осы ретте өңірлік ауқымды төтенше жағдай жариялау және шаруалардың шығындарын жабу, субсидияларды жеделдетіп төлеу және несие мерзімін ұзарту жұмыстары жүргізіліп келеді,-деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.