Экономика

«Пластиктік ыдыстан басқа не өндіреді»: Қазмұнайгаз төрағасы жауап берді

Үкімет брифингінде химия және мұнай химиясын саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 

БАҚ өкілі брифинг спикері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовқа пластикалық ыдыстар және оның экологиялық нормаларға сәйкестігі жөнінде сауал қойды

«Бір қолданып тастауға арналған пластикалық ыдыстар өндіріледі деп отырсыздар. Бірақ әлем мұндай ыдыстардан бас тартып, қағаз ыдыстарға көшіп жатқанда, неге артта қалған ел сияқты экологиялық таза емес өнімдерді өндіруге мән беріп отырмыз», - деп сұрады журналист. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов компанияның мақсаты полипропилен, полиэтилен сияқты нарықта сұранысқа ие базалық өнімдерді өндіру екенін айтты.

«Бұл өнімнген тек ыдыс емес, өндіріс пен тұрмысқа қажетті басқа да әртүрлі өнімдерді алуға болады. Мысалы, экологиялық талаптарға сәйкес тұрба немесе бөтелке өндіруге болады. Тек қана бір өнім шығармаймыз», - деді Әсет Мағауов.

Айта кетейік, Үкімет отырысында белгілі болғандай, 2035 жылға дейін химия және мұнай химиясы саласына 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде.