Экономика

Отбасы банкіндегі депозиттер енді толық қорғауда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасы банкіндегі депозиттерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Бұл заң салымшылардың жинағын үшінші тұлғалардың талабынан қорғайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл сіз үшін нені білдіреді?

- Депозиттегі БЗТ қаражаты үшінші тұлғалардың талабымен алынбайды;

- Аралық және алдын ала займдарға кепіл болып тұрған депозиттер бұғатталмайды, қаражат тәркіленбейді;

- Өз баспанаңызға баратын жол енді әлдеқайда сенімді әрі қауіпсіз.

«Бүгінде Отбасы банк арқылы 3,2 миллион қазақстандық баспанаға ақша жинап жатыр.

Күн сайын 270 отбасы банк арқылы қоныс тойын тойлайды.

2025 жылдың алғашқы 6 айында депозиттерге 546 млрд теңге түсті – бұл өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға көп», - делінген хабарламада.