Экономика

Қостанайда автомобиль өндіретін зауыттың 2-кезеңін салу жобасы мақұлданды

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемсараптама Қостанай қаласындағы KIA автомобиль өндіретін зауытының 2-ші кезеңінің құрылысына оң қорытынды берді.

«Зауыт Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта бой көтереді. Жобаға сәйкес жаңадан салынатын  кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды», - делінген хабарламада.