Экономика

Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді

 «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егін егу әрі күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info

 Бұл туралы Аграрлық несие корпорациясы Facebook парақшасында жазылды

  "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компаниясы Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды. Осы орайда 2024 жылы 140 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланып жатыр. "Кең дала" бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі – келесі жылдың 1 наурызына дейінгі аралықты қамтиды. Шаруалар қаржы ұйымдарынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайызды (ЖТСМ 5 пайыздан) құрайтын несие рәсімдей алады., делінген дереккөз таратқан ақпаратта. 

Шаруа қожалықтарының иелері өтінім беру үшін қажетті құжаттарды жинап, Қазақстан Халық банкінің, Банк Центр Кредиттің, несие серіктестіктерінің, микроқаржы ұйымдарының кеңселеріне баруға тиіс.