Наурызда жылдық инфляция 9,1%-ды құрады
Ұлттық банктің мәліметінше, наурызда Қазақстанның көп бөлігінде жылдық инфляция баяулады, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпан айындағы көрсеткіш 9,3% шамасында болған. Жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді, ал 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.
Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 8,2%-ға дейін бәсеңдеді. Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.
Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,2%-ға дейін жеделдеді. Ал ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға шарықтады.
-->Ақпан айындағы көрсеткіш 9,3% шамасында болған. Жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді, ал 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.