ҚМГ Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр жүйесі арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады
13 қыркүйекте Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Джейхан бағытына қарай Қашаған мұнайының 8,8 мың тоннасы жөнелтілді, келесі партия 20 қыркүйекке жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазМұнайГаз»-ға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, аталмыш бағыт бойынша мұнай тасымалы биыл тамыз айында тоқтатылған еді.
БТД бағыты бойынша 2025 жылдың 8 айында Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 0,9 млн тоннаны құрады.
2022 жылы ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Қазақстан мұнайының транзиті туралы бас келісімге қол қойылды.
2024 жылы ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды.