Экономика

Мемлекеттік грант көпбалалы отбасыларға қалай көмектесті?

Астана қалалық мәслихаты депутаттары мемлекеттік грант алған шағын кәсіпкерлік субъектілерді аралады, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов бастаған депутаттар алғашқы кезекте  «Жақсылық арифметикасы» оқу орталығының жұмысымен танысты. Аталған орталық - «Жол картасы» кәсіпкерлікті қолдау қорынан» грант алғандардың бірі. 

білім ариф 1.jpg

Оның айтуынша, орталықтағы бір мәселе - мамандардың жетіспеушілігі. Тәжірибелі мұғалімдер аз жалақыға жұмысқа келгісі келмейтін көрінеді. 

Аталған ғимаратты кәсіпкер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалға алып отыр. Депутаттар назарына кейбір техникалардың жетіспеушілігі де ілінді. Осы орайда депутат Бекзат Жолжақсынов орталыққа жаңа компьютерлер алу үшін демеушілік көрсететінін жеткізді. 

білім арифы 2.jpg

Әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаева да  «Bilim all» оқу орталығын ашу үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» кәсіпкерлікті қолдау» жобасы арқылы 5 млн теңге грант жеңіп алған. Ол да бұған дейінгі  шағын орталығын кеңейтуге мүмкіндік алған. Кәсіпкер қазір дәл осындай 4 орталық жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Кәсіпкер алдағы уақытта орталықтардың санын тағы да көбейтуді мақсат етіп отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін мұндай орталықтарды көбейткен тиімді. Орталыққа келген бала қандай да бір сабаққа ақылы жазылса, екінші сабақты тегін ала алады. 

Мұнда мектепке дайындық, ағылшын тілі, математика, орыс тілі, қазақ тілі, домбыра, вокал, фортепиано сабақтары бар. Сондай-ақ логопед те қызмет көрсетеді.  

Депутат Бекзат Жолжақсынов бұл орталықтың дұрыс жарықтандырылуына көмектесетінін айтты. 

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, кәсіпкерлікті қолдауға арналған 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында былтыр елорда бойынша 1891 өтінім келіп түскен. Комиссия шешімі бойынша оның 135-іне 5 млн-ға дейінгі мемлекеттік грант беріліпті. 

Оның айтуынша, гранттардың өз орнымен жұмсалуы жіті қадағаланады. Әкімдік конкурсты өткізсе, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» әрі қарай мониторинг жүргізеді. Яғни, кәсіпкер 1 жылдан кейін бизнесін ашып, жұмыс орнын құра алмаса, белгілі бір уақыттан кейін гранттық сома бюджетке қайтарылатын болады. 

-->

-«Жақсылық арифметикасы» оқу орталығында көпбалалы отбасының балалары мен ерекше балаларға тегін қосымша білім береміз. Әзірге орталықта білім мен өнерге баулып, заманауи техникаға дағдыландыратын  8  үйірме бар. 2021 жылы «Жол картасы» кәсіпкерлікті қолдау қорынан» грант алып, бұрынғы шағын орталығымды осылайша кеңейтіп отырмын, - деді орталық басшысы Ұлжан Мырзагелдиева.

білім ариф 1.jpg

Оның айтуынша, орталықтағы бір мәселе - мамандардың жетіспеушілігі. Тәжірибелі мұғалімдер аз жалақыға жұмысқа келгісі келмейтін көрінеді. 

Аталған ғимаратты кәсіпкер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалға алып отыр. Депутаттар назарына кейбір техникалардың жетіспеушілігі де ілінді. Осы орайда депутат Бекзат Жолжақсынов орталыққа жаңа компьютерлер алу үшін демеушілік көрсететінін жеткізді. 

білім арифы 2.jpg

-Мұның бәрінің үлкен сауабы бар. Кәсіпкердің Үкіметтен грант алып, қаражатты орнымен жұмсап, өз күшімен орталық ашып отырғаны, соның арқасында біздің жасөспірімдеріміздің дамып келе жатқаны – үлкен жетістік. Бәрімізге үлгі, - деді Астана қалалық мәслихаты депутаты Бекзат Жолжақсынов. 

Әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаева да  «Bilim all» оқу орталығын ашу үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» кәсіпкерлікті қолдау» жобасы арқылы 5 млн теңге грант жеңіп алған. Ол да бұған дейінгі  шағын орталығын кеңейтуге мүмкіндік алған. Кәсіпкер қазір дәл осындай 4 орталық жұмыс істеп тұрғанын айтады.

-Грантқа алған қаражатты түгелдей құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсадым. Орталыққа компьютер, ноутбук, принтер, оқу құралдары, жиһаздар алдым. Ал ғимаратты жалдап отырмыз. Орталықта жалпы 16 қызметкер бар, дәл қазір 8 адам қызмет етуде. Олардың жалақысын өзім төлеймін, жартылай Үкіметтен субсидияланып отыр. Орталыққа кесте бойынша  120 баланы қабылдауға мүмкіндік бар. Дегенмен қазіргі жазғы демалыс уақытында балалар саны екі есеге азайды. Оқу жылы басталысымен келушілердің саны артады деп күтіп отырмыз, - деді оқу орталығының басшысы Райгүл Серікбаева. 

Кәсіпкер алдағы уақытта орталықтардың санын тағы да көбейтуді мақсат етіп отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін мұндай орталықтарды көбейткен тиімді. Орталыққа келген бала қандай да бір сабаққа ақылы жазылса, екінші сабақты тегін ала алады. 

Мұнда мектепке дайындық, ағылшын тілі, математика, орыс тілі, қазақ тілі, домбыра, вокал, фортепиано сабақтары бар. Сондай-ақ логопед те қызмет көрсетеді.  

Депутат Бекзат Жолжақсынов бұл орталықтың дұрыс жарықтандырылуына көмектесетінін айтты. 

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, кәсіпкерлікті қолдауға арналған 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында былтыр елорда бойынша 1891 өтінім келіп түскен. Комиссия шешімі бойынша оның 135-іне 5 млн-ға дейінгі мемлекеттік грант беріліпті. 

Грант берілетін жобалар экономиканың басым секторлары болуы керек. Олар: өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы саласының кейбір түрлері, білім беру, денсаулық сақтау саласы, қонақүйлер қызметі, логистика. Былтыр осы межеден көрінгендерге мемлекеттен жалпы сомасы 620 млн-ға қолдау көрсетілді.  Биылғы конкурсқа 7-16 тамыз аралығында өтінімдер қабылдаймыз. Бюджеттен 545 млн теңге бөлінді. Бұл кем дегенде 109 жобаға жеткілікті, - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Ашимов.