Экономика

Мемлекет басшысы Марат Омаровты қабылдады

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Марат Омаров Президентке, биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде айтты.

Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

-->

Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталған. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынған. Бүгінгі таңда соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар,-деді агенттік басшысы.  