Экономика

Мұнай-газ және химия өнімдерін өндіру көлемі 460 мыңнан астам тоннаны құрады

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ және химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны құрады. Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

метил-терт-бутил эфирі – 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,6% (2023 ж. – 33,1 мың тонна);

полипропилен – 241 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 156% (2023 ж. - 154,1 мың тонна);

- бензол – 26,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 133% (2023 ж. - 20 мың тонна);

- параксилол – 109,4 мың тонна 6 есеге ұлғайды (2023 ж. – 17,8 мың тонна);

майлау материалдары – 46,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% (2023 ж. – 43,9 мың тонна).

Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдері болып табылады.

Сондай-ақ салада қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылуда.