Экономика

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға $233 есептелді

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша екі жылда шамамен 7 млн баланың әрқайсысына $233 есептелген.

Сондай-ақ Ұлттық қордың активтері өткен жылы 16%-ға өсіп, $66,2 млрд-ты құрады.