Экономика

«Ұлттық қор қаражаты – балаларға»: Мәжіліс заң жобасын қарауға алды

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат Мәди Такиевтің айтуынша, заң жобасының мақсаты - еліміздің азаматтары кәмелетке толған кезде тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе жинақ есебінен білім алу мүмкіндігі аясында жас ұрпақты қолдау. 

Бұдан да бұрын хабарланғандай, Қазақстанда алғаш рет ұлттық байлықты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге бөлу мүмкіндігі жасалады. Яғни, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы балалар арасында біркелкік бөлінетін болады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын қолға алу керек екенін тапсырған болатын. 

-->

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу мақсатында әзірленді. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы шоттарында жинақталады.

Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтары кәмелетке толған кезде тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе жинақ есебінен білім алу мүмкіндігі аясында жас ұрпақты қолдау. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді комитет төрағасы.