Ұлттық банк өкілі Ұлттық қордың есебінің жарияланбау себебін айтты
Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев депутаттың сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Депутат Ерлан Стамбеков Ұлттық қордың кірістер қоғам мен Парламент үшін әлі де жабық екенін айтып, себебін сұрады.
«Ұлттық банк Ұлттық қордың активтерін басқарады. Бұл 2024 жылдың аяғында шамамен 69 миллард доллар. Алайда инвестициялық құрылымы, тәуекелдер, кірістер қоғам мен Парламент үшін әлі де жабық. Жоғары аудиторлық Палатаның есебінде Ұлттық банктің есептілігінде валюталар, орналастыру елдері, кірістілік, стресс-тесттер, бақылау жүйесі туралы ақпарат жоқ екендігі көрсетілген. Ол норвегиялық, сингапурлық және Абу-Даби сияқты халықаралық қорлар толық инвестициялық есептерді жариялайтынын еске салды. Ал Қазақстанда әлі де «ашық есептілік те, тәуелсіз бақылау органы да жоқ» Ұлттық банк басқарушы мен реттеушінің функцияларын біріктіреді, бұл іс жүзінде мүдделер қақтығынсын тудырады. Неліктен Ұлттық банк осы уақытқа дейін халықаралық ашықтық стандарттарын енгізген жоқ? Сыртқы бақылауды, бақылау кеңесін немесе есеп беруді қамтамасыз ететін және мүдделер қақтығысын болдырмайтын басқа механизмді құру жоспарлануда ма?», - деп сұрақ қойды депутат Ерлан Стамбеков.
Бұл сауалға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев жауап берді.
«Әрине, Ұлттық қорға қатысты мәселелер бұл қоғамның ерекше назарындағы мәселе. Ұлттық банк бұл қорғауға қатысты сенімгерлік басқарушы. Сондықтан бүкіл есептілік жыл сайын Ұлттық банк тарапынан Үкіметке беріліп отырады. Оны Қаржы министрлігі жинақталады.Кейін Президенттің Жарлығымен бекітіледі. Бекітілген соң міндетті түрде жариялануы тиіс. Дегенмен де соңғы жылдары бұл ақпарат толығымен жарияланған жоқ. Себебі өздеріңіз білесіздер, Халықаралық арбитражда резонанстық істер болды. Биылдан бастап есептілік толық жарияланатын болады. Бұл жерде инвестициялывқ көрсеткіштер де, табыстылыққа қатысты бүкіл ақпарат болады. Дегенмен де Ұлттық банк тараппынан есептілікті біз ашықтық қамтамасыз ету үшін ай сайын және де квартал сайын өзіміздің сайтта және тиісті ақпарат құралдарында жариялауды жөн көріп отырмыз. Ұлттық қорға қатысты бақылау ерекше. Осы қордың қараатының тиімді игеруліне арнайы бақылау бар», - деді Ерұлан Жамаубаев.