Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін жариялады

Ұлттық банк бұл жолы да базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Шешім қабылданғанда нақты деректер, жаңартылған болжамдарды талдау мен инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау көрсеткіштері ескерілді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыздан 16,5 пайызға дейін көтерген еді. Сәуірде базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды.