Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 6,5% өсті, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда пияз (-4,7 пайыз), картоп (-2,7 пайыз), қырыққабат, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн және қант арзандаған.
Қазақстанда бір апта ішінде күріш (+1,1 пайыз), май (-0,6 пайыз), жұмыртқа (-0,4 пайыз), сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық еті қымбаттаған.
-->Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда пияз (-4,7 пайыз), картоп (-2,7 пайыз), қырыққабат, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн және қант арзандаған.
Қазақстанда бір апта ішінде күріш (+1,1 пайыз), май (-0,6 пайыз), жұмыртқа (-0,4 пайыз), сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық еті қымбаттаған.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктеріндегі тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - делінген хабарламада.