Үкіметте жолаушылар вагондарын сатып алу мәселесі талқыланды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.
Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан астам адамды қамтиды.
Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғимараттарын салу жоспарлары қаралды.
Одан бөлек қатысушылар бірқатар теміржолдарды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражаттың уақытылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
-->Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.