Экономика

Үкіметте шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелері қаралды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру – Қазақстан экономикасын әртараптандырудың негізгі факторларының бірі. Үкімет отырысында осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады.

2023 жылдың қорытындысына сәйкес, шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және 3%-ға асыра орындалды. Экспорттық позициялардың саны 278-ге артты.

2019 жылдан бері тұрақты белсенді экспорттаушылар саны 300 компанияға: 460-тан 760-қа дейін өсті.

Өткен жылы шикізаттық емес тауарлардың экспорт географиясы 135 елге дейін кеңейді. Азия елдеріне дайын өнімдерді жеткізу көлемі артты: Қытайға – 8%, Оңтүстік Кореяға – 26%, Вьетнамға – 46%. Сонымен қатар АӨК өңделген өнімдерін жеткізудің нақты көлемі: ұн 1,1%-ға, күнбағыс майы 55,5%-дан астам, сусындар 42,8%-ға өсті.

Сауда министрлігі экспортты одан әрі арттыру үшін негізгі бағыттарды анықтады. Ең алдымен, орта мерзімді перспективада Қытайға жіберілетін дайын өнім экспортын 2,5 есеге кеңейту және $12,5 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылды.

ЕАЭО және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша күшейтілген жұмыс жалғасады. Ол үшін шекара маңындағы сауданың қажетті инфрақұрылымы құрылады.

Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізуді ұлғайту пысықталуда.

Қазақстандық азық-түлік және органикалық өнімдерді сатып алуға дайын Еуропалық Одақтың жоғары бәсекеге қабілетті нарықтары да басым бағыт болып саналады.

Отандық экспорттаушыларды дайындау үшін Сауда және интеграция министрлігі нарықтың кәсіби қатысушыларымен бірлесіп, тауашалық сауда ағындарын құрылымдайтын «QazTrade» АҚ базасында сауда акселераторы іске қосады. Жалпы, аталған институт базасында жыл сайын 450-ден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған.

-->