Экономика

Үкіметте көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Қаржылық мониторинг агенттігінің алдына 2025 жылға қарай көлеңкелі экономиканы 15%-ға дейін төмендету туралы стратегиялық міндет қойған болатын. Кешенді жоспарды іске асыру аясында 64 іс-шараның 45-і немесе жоспардың 70%-ы орындалды.

Айта кету керек, 2021 жылы ел бойынша көлеңкелі экономика деңгейі 19,75%-ды құрады, болжам 21,5% болған.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Келіспеушіліктер хаттамасын тиісті мерзімде қарап, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын келісу қажет. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті мерзімде Үкімет Аппаратына 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың келісілген жобасын енгізуге тиіс.

-->