Экономика

Үкімет басшысы: Еңбек биржасында 100 мыңнан астам бос жұмыс орны тұр

Үкіметтің баспасөз конференциясында Олжас Бектенов халықтың нақты табысын арттыру жайлы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл мәселені шешу үшін экономиканы дамыту керек. Жаңа кәсіпорындар ашып, жаңа жұмыс орындар құру керек. Біз осы бағытта белсенді кешенді шаралар қабылдап жатырмыз. Биыл 190 жаңа әрі ірі кәсіпорын  ашылады. Әрине, оған жұмыс күші керек болады. Сондықтан қазақстандықтар жаңа әрі жоғары айлығы бар жұмыс орнына бара алады және өзінің өмір сүру деңгейін көтере алады. Мемлекеттің міндеті – адамдарға жұмыс беру. Ал әлеуметтік көмекті айтатын болсақ, ол тек жұмыс істей алмайтын және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын берілу керек. Қазір бір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде Еңбек биржасында  («Enbek.kz») 100 мыңнан астам бос жұмыс орны тұр. Кәсіпорындар директорлары сөйлесу кезінде  мамандар тапшы екенін айтады. Нақтырақ айтқанда, инженерлер, IT мамандар таба алмай шетелден алып келуге мәжбүр. Ал былай Қазақстанда жұмыс істеймін деп жүрген адамға жұмыс табылады», - деді Олжас Бектенов.