Камералдық бақылаудың арқасында салық түсімінің өсуі 126,5 пайызға жетті
Бүгінгі таңда салык төлеушілер үшін салық заңнамасына көптеген қолайлы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Дегенмен салықтық әкімшілендірудің камералдық бақылау формасы мемлекет пен бизнес арасындағы көптеген дауларға әкеліп соқтыруда, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының басшысы Алмат Тасболатов айтты.
Спикер Астанада камералдық бақылауға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Оның сөзінше салықтық әкімшілендірудің камералдық бақылау формасы мемлекет пен бизнес арасындағы көптеген дауларға әкеліп себеп бюолып жатады. Бұл ретте Басқармамен проблемаларды шешу үшін үнемі процестерді қайта қарап, хабарламалар шыққанға дейін деректерді талдау сапасын жақсарту жолға қойылған. Сонымен бірге хабарламаларға жауап беру кезінде салық төлеушілер берген түсініктемелерді қарау нәтижелері бойынша салық органдары қабылдайтын шешімдердің сапасын жақсарту, салық төлеушілердің проблемалық мәселелерін зерттеу және оларды шешу жолдары бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, Камералдық бақылау жөніндегі бірлескен жұмыс тобы аясында, атап айтқанда, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП мүшелерінің қатысуымен камералдық бақылаудың шаблондары мен процедуралары талқыланып жатыр. Осындай талқылаулардың нәтижесі бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
Осылайша, процедуралар саны 331-ден 138-ге немесе 58 пайызға қысқартылды. Корпоративтік табыс салығы қосылған құн салығы секілді негізгі салықтар бойынша сәйкессіздікті анықтау 80 пайызғa автоматтандырылған. Көрсетілген шараларды өткізу арқылы камералдық бақылаудын тиімділігі 27 пайызды құрады немесе 9 пайызға өсім қамтамасыз етілді. Жалпы, салық төлеушілердің түсіндірмелерін ескере отырып, 2023 жылда 24 процедура өзгертілді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша, статистика көрсеткендей, 2022 жылмен салыстырғанда, есептелген салық сомасының 11 698,5 млн.теңгеге ұлғаюы немесе өсу қарқыны 126,5 пайызды құрағаны, төлем тапсырмасы бойынша түсімдер соммасының 2 324,3 млн. теңгені немесе өсу қарқыны 111,1 пайызды құрағаны байқалады.
Басқарма басшысы өз ұсынысында декларацияларды толтыру кезінде салық төлеушілердің қателіктерін болдырмау үшін пішімді-логикалық бақылауды әзірлейтіндерін, расталмаған хабарламалардың негізгі себебі - декларациядағы деректер толық жазылмауында болғандықтан осы екі бағытта жұмыс жасап, талқылау үшін де салық төлеушілердің назарына ұсынатынын жеткізді
-->Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының басшысы Алмат Тасболатов айтты.
Спикер Астанада камералдық бақылауға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Оның сөзінше салықтық әкімшілендірудің камералдық бақылау формасы мемлекет пен бизнес арасындағы көптеген дауларға әкеліп себеп бюолып жатады. Бұл ретте Басқармамен проблемаларды шешу үшін үнемі процестерді қайта қарап, хабарламалар шыққанға дейін деректерді талдау сапасын жақсарту жолға қойылған. Сонымен бірге хабарламаларға жауап беру кезінде салық төлеушілер берген түсініктемелерді қарау нәтижелері бойынша салық органдары қабылдайтын шешімдердің сапасын жақсарту, салық төлеушілердің проблемалық мәселелерін зерттеу және оларды шешу жолдары бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, Камералдық бақылау жөніндегі бірлескен жұмыс тобы аясында, атап айтқанда, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП мүшелерінің қатысуымен камералдық бақылаудың шаблондары мен процедуралары талқыланып жатыр. Осындай талқылаулардың нәтижесі бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
Салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып, биылғы 1 қаңтардан бастап, «Салық» кодексінің 96 бабына өзгеріс енгізілді. Салық төлеуші түсініктеме берген кезде растайтын құжаттардың базалық тізбесінің міндетті қосымшасын ұсынған жағдайда оның банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайтын болды. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар хабарламаға жауап бермеген және немесе тәуекелдерді басқару жүйесін талдау және қолдану үшін қажетті құжаттардың базалық тізбесін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылады. Бұл өзгерістер салық төлеушілердің жағдайын жақсартады, себебі олардың қаржылық-шаруашылық операцияларын тоқтатпайды және азаматтардың сот талқылау орбитасына қатысуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ соттардың алдағы тексерулердің нәтижелерін алдын ала анықтау мәселесін алып тастайды.
Осылайша, процедуралар саны 331-ден 138-ге немесе 58 пайызға қысқартылды. Корпоративтік табыс салығы қосылған құн салығы секілді негізгі салықтар бойынша сәйкессіздікті анықтау 80 пайызғa автоматтандырылған. Көрсетілген шараларды өткізу арқылы камералдық бақылаудын тиімділігі 27 пайызды құрады немесе 9 пайызға өсім қамтамасыз етілді. Жалпы, салық төлеушілердің түсіндірмелерін ескере отырып, 2023 жылда 24 процедура өзгертілді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша, статистика көрсеткендей, 2022 жылмен салыстырғанда, есептелген салық сомасының 11 698,5 млн.теңгеге ұлғаюы немесе өсу қарқыны 126,5 пайызды құрағаны, төлем тапсырмасы бойынша түсімдер соммасының 2 324,3 млн. теңгені немесе өсу қарқыны 111,1 пайызды құрағаны байқалады.
Жалпы, мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіру бойынша жұмысы тұрақты және жүйелі негізде жүргізіледі, сондай-ақ оларды жетілдіру, оның ішінде цифрландыру арқылы шаралар қабылданады. Бірақ камералдык бақылау процедураларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, расталмаған бұзушылықтар түріндегі негізгі проблема әлі де шешілмеген күйде қалып отыр. Біз, әлі күнге дейін кейіннен расталмаған болып шығатын компанияларға хабарламалар жібереміз. Бұл проблеманын шешімі біз үшін бірінші орында. Бұл проблеманы шешу үшін біз проблеманы 100 пайызға дерлік шеше алатын екі жаңа құралды енгізуді ұсынамыз, - дейді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының басшысы Алмат Тасболатов.