Өгейдің күйін кешкен өнертабыс: Патенттеу қозғалысы біздің елде қалай дамып жатыр?
Озық елдерде адам капиталы дамудың басты аспектісіне айналды. Мемлекеттің зияткерлік меншігін бағалайтын тәсілдің бірі – заманауи өнертабыста. Ал өнертабысты патенттеу – авторлық құқықты қорғап, өндіріске енгізіп, экономикаға серпін беру. Латынның «patents» сөзінің мәні – жаңа ашылым. Белгілі бір саладағы инновациялық жаңалық деуге болады. Патенттеу қозғалысы біздің елде қалай дамып жатыр?
Өнертабыс – қозғаушы күш
1474 жылы Венецияда патенттеу ісі басталып, өнертабысты басқа адамның иеленіп кетпеуі үшін құжаттандыру жолға қойылды. 1624 жылы Англияда жаңа өнертабыс жобалары патенттелсе, 1787 жылы АҚШ-та зияткерлік меншік жүйесі конституциямен қорғалып, жеке тұлғаларға беріле бастады.
Осы кезеңдері адамзат өнеркәсіптік революцияның үш кезеңін бастан өткізіп, дамудың жолын тапса, мұның бәрі білім мен ғылым саласындағы өнертабыстың нәтижесі екені даусыз. Мәселен, 1876 жылы Александр Грейам Белл алғашқы телефон қоңырауын өзінің көмекшісі Томас Джон Уотсонға шалды. Сөйтіп, екі бөлмеде отырған адам бір-бірімен электр тербелісін дыбыс тербелісіне түрлендіруге арналған электроакустикалық аспап – телефон арқылы сөйлесті. 1878 жылы Карл Бенц екі тактілі қозғалтқышты патенттеді. Бұл көлік өндірісінің бастамасы еді. 1887 жылы хорват өнертапқышы Йосип Белушич спидометр ойлап тауып, бұл жоба Париж вагондарына орнатылды. Бүгінде әуе, теңіз және құрлықта қатынайтын көлік түрлеріндегі спидометр Белушич ойлап тапқан өнертабыс негізінде жүзеге асты. 1928 жылы Лондонда инженер Ованес Адамян бірінші эксперимент ретінде түрлі түсті теледидарын таныстырды. 1907 жылы неміс өнертапқышы Карл Ято алғашқы ұшақтың жобасын жасап, 2,5 метр биіктікте 60 метрге үздіксіз ұшуға қол жеткізді. 1930 жылы америкалық физик Джон Атанасов алғашқы электронды-цифрлық компьютерді ұсынды. 1938 жылы америкалық физик Честер Карлсон алғашқы көшірме жасайтын ксерокс аппараты – электрофотографиямен ғылыми ортаны таңғалдырды. 1957 жылы канадалық дәрігер Томас Чанг әлемде бірінші болып жасанды жасушаны ойлап тапты. Бұл жобалар қоғамның қозғаушы күшіне айналып, ғылыми-техникалық прогрестің бастауында тұрды.
Қазақстан социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысумен қатар санаткерлік меншік құқығын қорғауды жетілдіріп, «өнеркәсіптік меншік», «интеллектуалдық меншік», «патент», «патент иеленуші» ұғымы қолданысқа енді.
Патенттің экономикалық пайдасымен бірге зияткерлік меншік құқығын қорғауға мүмкіндік береді және адамның шығармашылық әлеуетін көтеруге ынталандырады.
Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым (WIPO) әлем елдерінің зияткерлік капиталын саралауда патент статистикасын есепке алады. Бұл рейтингте Қытай көш бастайды. 2017 жылы – 1 миллион 475 мың, 2018 жылы – 1 миллион 381 мың, 2019 жылы – 1 миллион 542 мың, 2020 жылы түрлі саладағы өнертабысқа 1 миллион 400 мың патент береді. Қытайдың экономикалық дамуында зияткерлік меншіктің үлесі басым екенін осыдан көруге болады. Өйткені әрбір патенттің артында әртүрлі салаға енген инновациялық жобалар тұр. Бұл өнімділікті арттырып, қызмет көрсету сапасына әсер ететіні анық.
2020 жылы алғашқы ондыққа енген Үндістанда – 53 мың, Канадада – 36 мың, Ресейде – 35 мың, Австралияда – 29 мың және Бразилияда 25 мың өнертабыс заңды тұрғыда қорғауға алынды. Бұл санатта 171 елдің арасында Қазақстан 145-орыннан көрінсе, Тәжікстан 114-інші, Қырғызстан 88-інші, Өзбекстан 55-орында тұр
Халықаралық ұйымның есептеуі бойынша 2020 жылы АҚШ-та – 621 мың, Жапонияда – 307 мың, Оңтүстік Кореяда – 219 мың, Германияда 78 мың өнертабыс патенттелді. Үздік бестікке енген осы елдер әлем нарығына жаңа инновациялы технологияны көптеп экспорттайды. Бұл – WIPO-ның қорытынды мәлімдемесі.
2020 жылы алғашқы ондыққа енген Үндістанда – 53 мың, Канадада – 36 мың, Ресейде – 35 мың, Австралияда – 29 мың және Бразилияда 25 мың өнертабыс заңды тұрғыда қорғауға алынды. Бұл санатта 171 елдің арасында Қазақстан 145-орыннан көрінсе, Тәжікстан 114-інші, Қырғызстан 88-інші, Өзбекстан 55-орында тұр.
Бәлкім, 2020 жылы Қазақстан тарапы құжатты уақытылы тапсырмаған болар, сол себепті Шри-Ланка (53-орын), Гватемала (69-орын), Мозамбик (94-орын), Самоадан (112-орын) төмен тұрған шығармыз деген ой келді. Сөйтіп, 2017 жылғы рейтингті қарап, 716 өнертабыс құжаттанғанын білдік. Бұл көрсеткіш әлем рейтингінде 19-орыннан көрінуге себеп болыпты. 2018 жылы – 1228, 2019 жылы 982 қазақстандық өнертапқыш өз жобасын патенттеп, сәйкесінше, әлемдік рейтингте 44 және 47-орынға тұрақтады.
Қазақстанда неге дамымайды?
Қазақстанда патенттеуге Әділет министрлігіне қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институты жауапты. Орталықпен байланысып, ғылыми жобаны немесе өнертабысты патенттеудің жөн-жобасын сұрадық.
Ұлттық зияткерлік меншік институты ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылы – 900, 2021 жылы – 805, 2022 жылы 585 өнертабыс патенттелді. Соңғы үш жылды салыстырғанда, тауар таңбасына көп құжат тапсырылды. Мәселен, 2020 жылы – 4676, 2021 жылы – 4955, 2022 жылы 5165 тауар таңбасы құжаттанды. 2022 жылы 864 пайдалы модель, 176 өнеркәсіп үлгісі, 39 селекция жетістігі құжаттанды. 2019-2022 жылы мектеп оқушылары 14 өнертабыс, 29 пайдалы модель бойынша өтініш беріп, өз жобасын патенттеді.
Енді салалар бойынша дәйектейтін болсақ, 2022 жылы химия және металлургия саласында – 93, құрылыс, тау-кен ісінде – 41, механика, жарық беру, жылу – 31, физика – 72, электрлендіру бағытында 36 қорғау құжаты берілді.
Қазақ ғылымын дамытып, ұлттық экономикаға серпін беретін ерекше патент-жобалары бар ма? Патенттеудің маңызы неде? Бұл сұрақты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Асқар Баубекке қойдық.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан ғалымдары жобасын АҚШ және Еуропа елінің компанияларына көптеп ұсынады. 2005 жылдары Бақытжан Әлменовтің гидравликалық қондырғысын Женева халықаралық бюросы патенттеді. Профессор Болатбек Өтеғұлов тұйық су көзін пайдалану арқылы арзан электр қуатын алуды зерттеп, оны патенттеп, Германияның компаниясына ұсынды.
Қазақстан өнертапқыштары туралы сөз қозғағанда, Күшқуат Таласбаевтың мұнай өндіру саласына 9 өнертабысты енгізгенін айтуға болады. Өнертапқыш Өскенбай Мәдиевтің ізденісі нәтижесінде тері өңдеу процесінде өнім түрін көбейту және сапасын арттыруға жол ашылды. Салтанат Каменова медицина саласында 4 жобаны патенттеді. Астаналық өнертапқыш Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапқанын жақсы білеміз.
P. S. 2018 жылы АҚШ-тың Патенттік және тауарлық белгілер жөніндегі басқармасы (USPTO) 10 миллионыншы патентін беріп, жаһан жұртының назарын өнертабыс өнеріне аударды. 1885 жылы 18 сәуірде құрылған Жапония патенттік ведомствосы (JPO) өнеркәсіптің дамуына ел тұрғындарын белсенді қатысуға ынталандырып келеді. Қазақстан үшін өркениет көшінде орнын айқындап, ғылым саласын коммерцияландырып, жастардың өнертабыс саласына қызығушылығын арттыру маңызды. Біз осыны түсініп, ойға түйдік.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
-->Озық елдерде адам капиталы дамудың басты аспектісіне айналды. Мемлекеттің зияткерлік меншігін бағалайтын тәсілдің бірі – заманауи өнертабыста. Ал өнертабысты патенттеу – авторлық құқықты қорғап, өндіріске енгізіп, экономикаға серпін беру. Латынның «patents» сөзінің мәні – жаңа ашылым. Белгілі бір саладағы инновациялық жаңалық деуге болады. Патенттеу қозғалысы біздің елде қалай дамып жатыр?

Белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiм өнертабыс ретiнде қорғалады. Егер өнертабыс деңгейіне жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi. Өнертабыс патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша қорғалады. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіп үлгісі, селекция жетістігі, интегралдық микросхема, топология, тауар таңбасы, географиялық нұсқама және тағы басқа ақпаратты жинаймыз, – деді институт директорының орынбасары Айша Жұмабекова.
Ұлттық зияткерлік меншік институты ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылы – 900, 2021 жылы – 805, 2022 жылы 585 өнертабыс патенттелді. Соңғы үш жылды салыстырғанда, тауар таңбасына көп құжат тапсырылды. Мәселен, 2020 жылы – 4676, 2021 жылы – 4955, 2022 жылы 5165 тауар таңбасы құжаттанды. 2022 жылы 864 пайдалы модель, 176 өнеркәсіп үлгісі, 39 селекция жетістігі құжаттанды. 2019-2022 жылы мектеп оқушылары 14 өнертабыс, 29 пайдалы модель бойынша өтініш беріп, өз жобасын патенттеді.
Енді салалар бойынша дәйектейтін болсақ, 2022 жылы химия және металлургия саласында – 93, құрылыс, тау-кен ісінде – 41, механика, жарық беру, жылу – 31, физика – 72, электрлендіру бағытында 36 қорғау құжаты берілді.
Қазақстанда ең табысты патент өнімі ретінде QazVac вакцинасын атау керек. Әлемде алғашқы болып коронавирус індетіне қарсы өз вакцинасын дайындаған бес елдің қатарына енді. Басқа салаларда, атап айтқанда, тау-кен, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласында, басқа да көптеген патент өз қолданысын тауып жатыр, – деді Айша Жұмабекова.
Қазақ ғылымын дамытып, ұлттық экономикаға серпін беретін ерекше патент-жобалары бар ма? Патенттеудің маңызы неде? Бұл сұрақты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Асқар Баубекке қойдық.
Жаңа технологиялар мен инновацияның енгізілуінде патенттеу өнері маңызға ие. Озық елдердің ғылыми-техникалық прогресінен осыны көруге болады. Ғылым жолында 9 жобаны патенттедім. Оның біреуі халықаралық деңгейде мойындалды. Германияның Санкт-Антон қаласындағы патенттеу орталығында сараптамадан өтті. Отын түрін тұтатып, жандыратын құралды шетел орталығы 26 ай зерттеді. Бұл құрылғы арқылы газ бен мазутты оңай жағуға болады, – деді ғалым.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан ғалымдары жобасын АҚШ және Еуропа елінің компанияларына көптеп ұсынады. 2005 жылдары Бақытжан Әлменовтің гидравликалық қондырғысын Женева халықаралық бюросы патенттеді. Профессор Болатбек Өтеғұлов тұйық су көзін пайдалану арқылы арзан электр қуатын алуды зерттеп, оны патенттеп, Германияның компаниясына ұсынды.
Дамыған елдерде коммерцияландыру – бәсекеге қабілетті болудың негізі. Яғни ғылыми-зерттеу жұмысының нəтижесі коммерцияландыру арқылы экономикалық табысқа жетеді. Инвесторлар перспективалы өнертабыс жобасын жиі қаржыландырады. Ал біздің елде ғылымды коммерциялауға, инновациялық экономика құруға талпыныс болғанмен, нақты қадам болмай тұр. Сол себепті өнертабыс саласына қызығатын адам көп емес, - деп түсіндірді мұның себебін Асқар Баубек.