Fitch Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам «Тұрақты». Бұл туралы Elorda.info Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргелі факторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге ұшырауы «орташа» екені көрсетілген.
Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ импорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжайды.
Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.
Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың Қазақстан экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.
-->Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргелі факторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге ұшырауы «орташа» екені көрсетілген.