Экономика

Ертең Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады

Ертең, яғни 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс істемейді, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

-->

 

Мемлекеттік кірістер комитеті Астана күні мерекесіне байланысты 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Алайда, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктілері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген комитет таратқан ресми мәлімдемеде.