Энергетика министрлігі Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгенін жоққа шығарды
Энергетика министрлігі Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының кейінге шегерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазан айына жоспарланған жөндеу кезеңінде өндіріс көлемін айтарлықтай қысқарту жоспарланып отыр.
«Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам әл-Гайстың жақында болған сапары және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде атап өтілді. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді», - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда.