Елордалық әуежайды дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды
Астана халықаралық форумында ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруимен және Terminals Holding – Sole Proprietorship L. L. C. Terminals Holding компаниясының басшысымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Terminals Holding – әуежай және авиациялық қызметтерді көрсету бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады. Сонымен қатар халықаралық әуежайларды салу, пайдалану және басқару жағынан мол тәжірибесі бар. Бұған қоса Terminals Holding Abu Dhabi Sports Group-тың еншілес компанияларының бірі екенін айта кетейік.
Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ мен Terminal Holding арасында өңірлік мультимодальды хаб ретінде Астана қаласының әуежайын бірлесіп дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Terminals Holding – әуежай және авиациялық қызметтерді көрсету бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады. Сонымен қатар халықаралық әуежайларды салу, пайдалану және басқару жағынан мол тәжірибесі бар. Бұған қоса Terminals Holding Abu Dhabi Sports Group-тың еншілес компанияларының бірі екенін айта кетейік.
Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ мен Terminal Holding арасында өңірлік мультимодальды хаб ретінде Астана қаласының әуежайын бірлесіп дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.