Елорда базарларында азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына апта сайын осындай мониторинг жүргізеді. Комиссия мүшелері елорданың ірі сауда нысандарына көшпелі іс-шаралар өткізеді. Жыл басынан бері осындай 15 отырыс өткізілді.
Бүгінгі таңда делдалдықтың 19 фактісі және сауда үстемесінің асып кетуі анықталды. Барлық материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сауда департаментіне жіберілді.
-->«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, тауар бағасын өнім берушінің талабы бойынша азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектілері өздері белгілейді. Онда тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының шекті сауда үстемесі мөлшері 15% - дан аспайтындай белгіленеді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.