Еліміздің 557 кәсіпорны Экспорттық акселерация бағдарламасы арқылы сыртқы нарыққа шықты
2020–2024 жылдары шикізаттық емес сектордағы 557 қазақстандық кәсіпорынға шетел нарықтарына шығуға қолдау көрсеткен бағдарлама биыл тағы 120 компанияны қамтыды, деп хабарлады Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
2025 жылы қатысушылар Ресей, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Италия және Пәкістан нарықтарына бағытталады. Маусым айынан бастап оқыту және шетелдік серіктестермен келіссөздер басталды.
«Қазақстан экспорты 3,1%-ға артып, 80 млрд АҚШ долларынан асты. Өңделген өнім экспорты 28,8 млрд долларды, ал қызметтер экспорты 11,8 млрд долларды құрады (+10,8%). Бұл – халықаралық нарыққа шыққан мыңдаған кәсіпкердің еңбегі мен қазақстандық өнімдер мен қызметтердің сұранысқа ие екенінің дәлелі», - деді вице-министр Асет Нусупов Экспорттаушылар форумында.