Экономика

Елімізде теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады

Кәсіпорындар тежегіш төсемдерін және темір жол құрамдары үшін серіппелерді шығаратын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Жобалардың жалпы құны - 2,9 млрд теңгені құрайды. Оларды іске қосу 96 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жаңа кәсіпорындар өнімінің шамамен 80 % - ы экспортқа бағытталып, қалған бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жоспарланған екі жобаның толық қуаттылығына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 4,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда.

«Жалпы теміржол машина жасау саласындағы инвестициялық портфель құны 218 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді», - делінген дирекция хабарламасында.

Сонымен қатар, жүзеге асыру кезеңінде құны шамамен 129 млрд теңге болатын және мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 6 жоба бар. Олардың ішінде, жолаушылар вагондарын, жартылай вагондарды, доңғалақты бандаж өнімдерін, тісті доңғалақтар мен цистерналар өндірісі бар. Өнімдердің  негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады. Жобалардың басым көпшілігі Павлодар облысы мен Астана қаласында орналасқан.

Дирекцияның хабарлауынша, алдағы уақытта салада құны 85,7 млрд теңге болатын және 1,7 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен тағы 9 жоба пысықталуда. Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, құйылған үдеткіш арқалықтар, бүйірлік рамалар, теміржол доңғалақ жұптары, вагондарға арналған қосалқы бөлшектер, термос вагондары және басқа да өнімдер өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Салаға инвестиция тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейлерде арнайы-экономикалық аймақтар шеңберінде инвестициялық преференциялар, несиелеудің жеңілдікті шарттары, салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.