Экономика

Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі

Қазақстанда жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР AGROPRESS-ке сілтеме жасап.

 Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.

Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған. Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.

Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр.

«Жобаның құны-34 млрд теңге», - делінген хабарламада.