Экономика

Елімізде кейбір құрылыс тауарлары арзандап жатыр

Құрылыс тауарларының құны тұрғын үйдің бағасына тікелей әсер етеді. Бұл ретте, елімізде кейбір құрылыс тауарларының бағасы бір жыл ішінде аздап төмендеген, деп хабарлады Elorda.info EnergyProm сарапшыларының пікіріне сілтеме жасап. 

Биыл сәуір айының басында Қазақстандағы жалпы инфляция 18,3 пайызды құрады. Тауарлар мен қызметтердің бағасы баяу қарқынмен әлі де өсуде. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік саласында да бағаның өсуі байқалуда. 

Сарапшылардың мәліметінше, жылжымайтын мүліктің бағасы наурыз айында бастапқы тұрғын үй нарығында 9,3 пайызға, қайталама тұрғын үй нарығында 7,3 пайызға тең болған. Дегенмен кейбір құрылыс тауарларының орташа бағасы бір жыл ішінде айтарлықтай өзгермеген, кей жағдайларда тіпті төмендеген.

Мысалы, 2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ағаш терезелер, есіктер және олардың жиынтықтары жылына орта есеппен 0,4 пайызға ғана қымбаттаған. 

Бағаның өсуі Қостанай облысында (8,2 пайыз) және Павлодар облысында (2,2 пайыз) байқалған. Алайда бұл наурыз айындағы инфляцияның жалпы көрсеткішінен айтарлықтай төмен. 

Ал еліміздің төрт облысында – Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкентте баға керісінше, 0,5 пайызға төмендеген. Сондай-ақ пластикалық терезелер, есіктер және т.б. құрылыс тауарларының бағасы бір жылда бірден 1,5 пайызға төмендеген. Бұл құрылыс тауарлары былтырдан бастап арзандай бастаған. Себебі, 2022 жылдың наурыз айының қортындысы бойыншабұл көрсеткіш 2,2 пайызды құраған еді. Пластикалық терезелер мен есіктердің бағасы әсіресе Астанада төмендеген (3,9 пайызға арзандаған). 

Тек Батыс Қазақстан облысында бұл құрылыс тауарларының бағасы 0,3 пайызға өскен (бір жыл ішінде). Осылайша, Қазақстанда жоғары инфляцияға қарамастан, экономиканың барлық дерлік секторында бағаның күрт өспегенін байқауға болады. Оған қоса отандық құрылыс тауарларының өндірісі артқанын байқауға болады. 

Мәселен, Қазақстанда 2023 жылдың алғашқы үш айында пластиктен жасалған терезелер, есіктер, сондай-ақ табалдырықтар, жақтаулар, терезе жапқыштары және т.с.с. өндірілген құрылыс тауарлары мен олардың бөлшектерінің мөлшері үш айда 10,2 мың тоннаны құраған, бұл 2013 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

-->