Елімізде ет, сүт және жұмыртқа өндірісі рекордтық деңгейге жетті
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларындағы ауыл шаруашылығы саласының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, өсімге мал шаруашылығы да, егін шаруашылығы да үлес қосқан. Мал шаруашылығы өнімдері 3,2%, ал егін шаруашылығы 4% артқан.
Мал шаруашылығындағы өсім
Сегіз айда республикада:
700 мың тоннаға жуық ет;
2,6 млн тоннадан астам сүт;
3 млрд-тан көп жұмыртқа өндірілді.
Жануар басы да ұлғайды:
ірі қара – 0,2%,
жылқы – 6,3%,
түйе – 4%,
құс – шамамен 3% көбейді.