Елімізде екі жаңа банк пайда болуы мүмкін
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар агенттіктің жаңа банктер ашу талаптарын ырықтандыруға бағытталған банк жүйесі туралы заңнамаға бірқатар түзету дайындағанын айтты. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық нарықта екінші деңгейлі банк ашқысы келетіндер көп болады деген үміт бар.
-->Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазір біз микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерге айналуын күтіп отырмыз. Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар: KMF және Solva. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді, - деді Мәдина Әбілқасымова.