Еліміз жаңа өнімнен 1,6 млн тонна астық экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Экспорт көлемі негізінен Орталық Азия және Кавказ елдері бағытында артқаны байқалады. Мәселен, Өзбекстанға экспорт көлемі 41%-ға өсіп, 568 мың тоннадан 801 мың тоннаға жетті. Ал Тәжікстанға 3,8%-ға өсті (236 мыңнан 245 мың тоннаға дейін), ал Қырғызстанға жеткізілім 2,6 есеге көбейіп, 17 мыңнан 45 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар, Әзербайжанға экспорт 3,4 есеге ұлғайса, (11 мыңнан 38 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға жеткізілім 28,6%-ға өсіп, 56 мыңнан 72 мың тоннаға жетті, сондай-ақ, Түрікменстанға экспорт 66,7%-ға көбейіп, 3 мыңнан 5 мың тоннаға дейін көбейді.