Экономика

Елдегі қонақүйлер үш айда 43 млрд теңгеден астам табыс тапқан

2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапқан, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі қонақүйлер 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақүйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрады.

-->

Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.