Экономика

Елдегі инфляция деңгейі 8,6%-ға дейін төмендеді

2024 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Парламенттегі палаталардың бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады.

Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті.